Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ереже

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы

жастар істері жөніндегі кеңес туралы ереже

1.     Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес)  консультативтік-кеңесші ұйым болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңес мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралыққарым-қатынастың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу мақсатында өз қызметін жүзеге асырады

 

2.     Кеңестің негізгі міндеттері

 

4.Кеңестің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2)  мемлекеттік жастар саясатының мақсаттарын орындау нәтижелерін талдау;

3) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты басқа да мәселелерді талқылау.

3. Кеңестің функциясы

 

5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мынадай функцияларды іске асырады:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарайды және талқылайды;

2) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, әлеуметтік, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жұмылдырады;

3) мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық қатынасты дамытуға жәрдем көрсетеді;

4) жергілікті атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдайды.

 

4. Кеңес құрылымы 

6. Кеңес құрамы Кеңес төрағасынан, орынбасарынан, хатшысы мен мүшелерінен тұрады.

7. Кеңес төрағасы Батыс Қазақстан облысының әкімі болып табылады және:

1) Осы ереже негізінде Кеңестің ережесін бекітеді, сондай-ақ кажеттілігіне қарай мүшелерінің жалпы санының кем дегенде 30% жастар мекемелерінің өкілдерін қоса құрамын қалыптастырады;

2) Кеңес мәжілістерінің уақыты мен мерзімін белгілеп, кезекті және кезектен тыс отырыстарын шақырады және оған төрағалық етеді;

3) Кеңес мүшелері жалпы санының кем дегенде үштен екі бөлігінің талабы бойынша Кеңестің кезектен тыс отырыстарын шақырып, оған төрағалық етеді;

4)  Кеңес жұмысын жоспарлайды және жалпы басқаруды жүзеге асырады;

5) Кеңес мүшелерінің арасындағы міндеттер мен жұмыс бағыттарын үйлестіреді;

6) Кеңестің жұмыс жоспары мен Кеңес отырысының күн тәртібін бекітеді.

8. Төраға болмаған жағдайда оның қызметін орынбасары орындайды.

9. Кеңес хатшысы:

1) Кеңестің жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

2) Кеңес отырыстары күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;

3) Кеңес отырысына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

4) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының орны, өткізілетін уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды уақытында қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;

5) Кеңес мүшелерінен отырыстың күн тәртібіне қатысты ұсыныстарын қабылдайды және оларды төрағаның қарауына шығарады;

6) хаттамалық тапсырмалар шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, әрбір кейінгі отырыстарда Кеңес мүшелеріне өткендегі қабылданған шешімдердің орындалу барысы жөнінде хабарлайды.

10. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.

11. Кеңес құрамы:

1) жергілікті атқарушы және өкілді органдар, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Кеңес төрағасының ұсынуымен басқа да жауапты органдар өкілдері Кеңес мүшелері бола алады;

2) Кеңестің сандық құрамы тақ болуы тиіс.

12. Кеңестің жұмыс органы Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы болып табылады.

13. Жұмыс органы:

1)  Кеңес жұмысының жалпы ұйымдастыруды жүзеге асырады;

2) Кеңес қызметінің ақпараттық-талдау және құжаттамалық жұмысының жүргізілуін қамтамасыз етеді;

3) Кеңестің өткізген мәжілістерін талдауды, көтерілген мәселелерді, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша қабылданған шешімдерді,  ақпаратты өңдеуді, жинауды іске асырады, бұл саладағы жұмысты дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

4)  Сараптамалық топтардың жұмысын қамтамасыз етеді;

5) Кеңестің құзырына жататын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады;

6) Кеңестің жұмысын жарықтандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланысты жүзеге асырады;

14. Жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қабылданған шешімдердің орындалуы бойынша жинақталған талдамалық ақпаратты жібереді.

 

5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

 

15. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, сондай-ақ Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екі бөлігінің бастамасымен, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан кезде өкілетті болып есептеледі.

16. Отырыс мерзімін, өткізу уақытын, күн тәртібін Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала отырып Кеңес төрағасы анықтайды.

17. Кезекті отырыстың күн тәртібі Кеңес мүшелеріне отырыс жұмысы басталғаннан 5 күн бұрын жіберіледі.

18. Кеңес отырысына қатысушылар Кеңес мүшелерінің басым дауыстарымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

19. Кеңес шешімдері Кеңес төрағасы мен хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

20. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

 

6.     Кеңес қызметін тоқтату тәртібі

 

21. Кеңес қызметі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы бойынша тоқтатылады.

 

7.     Кеңес қызметін қамтамасыз ету

 

22. Кеңестің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, оның ішінде интернет-ресурсында жариялау Кеңестің жұмыс органына жүктеледі.