Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Басқарма ережесі

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Жалпы ережелер

  1. «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) жастар саясаты саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 үй.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде — «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде — государственное учреждение «Управление по вопросам молодежной политики Западно-Казахстанской области».

  1. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың құрылтайшысы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.
  2. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Басқарманың миссиясы:

жастардың белсенділігін арттыру және жас ұрпаққа әлеуметтік, саяси және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру үшін ұйымдастыру-құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау, мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру болып табылады.

  1. Басқарманың негізгі міндеттері:

1) Батыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтына бейімділіктерін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;

3) мәдениет және дін төңірегінде жаңа диалог формасын іздеу жолдары арқылы жастар саясаты саласында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді одан әрі нығайту;

4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

5) жергілікті мемлекеттік органдардың жастар саясаты саласындағы қызметіне қолдау көрсету;

6) жастар ұйымдарының қызметтеріне мониторинг және талдау жүргізу және олардың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

7) Батыс Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

8) Батыс Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

9) жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

10) Батыс Қазақстан облысының жастары туралы ақпараттық мәліметтер қорын қалыптастыру, толтыру, жалпылау және жіктеу бойынша қызметті жүзеге асыру;

11)  жастар ұйымдарымен, саяси партиялардың жастар қанаттарымен және этномәдени ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

12) жастардың азаматтық жауапкершілігі мен патриотизмін дамыту.

  1. Басқарманың функциялары:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлейді және облыс мәслихатының бекітуіне енгізеді;

2) облыс әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның ақпараттық-талдау қызметін іске асырады;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мен қалыптастыруды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік жастар саясаты саласында білім және тәрбие беру ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

5) жастар саясаты саласында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі функцияларын жүзеге асырады;

6) өз құзіреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

7) Басқарма өз қызметі барысында Құрылтайшының алдында есеп береді.

  1. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін Басқарма құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға; 2) әкімге жастар саясаты саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, Басқарма қарауына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;

3) жастар саясаты саласында мемлекеттік сатып алу бойынша бағдарламалардың әкімшісі және конкурстың ұйымдастырушысы болуға; 4)  қарауында жастар саясаты саласының мәселелері, адам құқығын сақтау және Басқарма құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар мемлекеттік органдардың лаузымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге құқылы.

Басқарманың қызметін ұйымдастыру

  1. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма басшысы жүзеге асырады
  2. Басқарма басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарма басшысының өкілеттігі:

1) Басқарма қызметін ұйымдастырады, әрі оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің фунцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;

2) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

4) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

9) Басқармада жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысын ұйымдастырады және осы жұмысқа дербес жауап береді;

10) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

12) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

13)  белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

14) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

15) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

Басқарманың жұмыс режимі

  1. Басқарманың жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледі.
  2. Басқарманың мүлкіБасқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады