Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Кәсіпкерлік қызметтегі ағылшын тілінің маңыздылығы» тақырыбындағы курстың ақпараты

04 Қараша 2019

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы «Болашақ» кәсіби өсім және мансап орталығы жобасы аясында «Бастау» коворкинг орталығы базасында жастардың өз кәсібін ашу, басқарушылық қабілеттерін дамыту сұрақтары бойынша тегін оқыту курс жұмыстарын ұйымдастыруда.

Жобаның мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беру.

Жобаны жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 4 қараша күні «Кәсіпкерлік қызметтегі ағылшын тілінің маңыздылығы» тақырыбында алғашқы курс жұмыстары басталды. Курсты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, жоғары санатты математика пәні мұғалімі Есенгалиева Нұрлыгүл Болатқызы жүргізді.

Курсқа арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Курс жұмыстары 1 ай уақыт көлемінде жалғасады. Курс аяқталған соң сертификаттар табысталады.