Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

"Абзал жандар" еріктілер тобы өз жұмысын бастады

10 Ақпан 2020

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Волонтер жылының "SAULYQ" бағыты бойынша Шыңғырлау аудандық ауруханасы жанынан құрылған "Абзал жандар" еріктілер тобы өз жұмысын бастады.

"Тәні саудың – жаны сау" атты науқанын қолға алып, тыл еңбеккерлері мен есепте тұрған ауыл үлкендері және жалғыз басты қарияларға  көмеккөрсетілді. Қариялардың қант мөлшері деңгейі, қан қысымы, дене қызуы және арнайы құрылғылармен жүрек соғысы тексерілді. Көмек көрсетілген жандарға денсаулық жағдайы бойынша толық ақпарат беріліп, аурудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.