Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Мотивациялық кездесу»

04 Қараша 2019

БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Болашақ жастардікі» облыстық жастар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бастау» коворкинг орталығында «Мотивациялық кездесу» өтті.

Шарада «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Нью-Йорк Кино академиясының түлегі – Бақыт Қадер аталмыш бағдарламаның жастарға берілген зор мүмкіндік екенін, жастарға мақсатына жету үшін табандылық пен жаңашылдықтың қажет екенін айтты.

Екінші спикеріміз Назеркем Ишанғали өзінің мектеп кезіндегі арманына қалай қол жеткізгегін, би өнеріндегі жеткен жетістіктерімен, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, әр адам өз сүйген ісімен айналысып, дұрыс армандай білудің маңыздылығына тоқталды.