Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Жас Сарбаз-2019» әскери-патриоттық жиыны

04 Қазан 2019

 2019 жылдың қазан  айының 3-4 жұлдызында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі «Атамекен» туристік орталығында, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, Отанды сүю сезімдерін қалыптастырып, өз Отанын қорғайтын азамат болуға, қайсарлыққа, қаһармандыққа тәрбиелеу, жастардың бойында қазақстандық патриотизмді дамытуға қолдау көрсету мақсатында облысымыздың әскери патриоттық клуб мүшелері арасында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жиынын өткізді. Шараға облысымыздың әскери-патриоттық клубынан 13 команда, яғни жалпы саны 100 қатысушы қатысты. Шара барысында әскери-патриоттық клуб мүшелері арасында автоматты толық емес болшектеу және жинақтау, АК-74 оқжатарына оқ жинау, пневматиқалық қарудан ату, кермеге тартылу, шалқасынан жатып денесін көтеру, сайыстары бойынша әскери патриоттық ойын өткізілді. Сайыс нәтижесінде жалпы командалық есепте 1-орынды Орал ақпараттық технологиялық колледжінің студенттері иеленсе, 2-орын Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттеріне бұйырып, 3-орынға Ж.Досмұхамедов атындағы Педагогикалық колледжінің студент жастары қол жеткізді.Сонымен қатар шараға қатысушы әскери-патриоттық клуб мүшелерін нағыз әскери өмірмен таныстыру мақсатында  Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Шара соңында «Жас Сарбаз-2019» әскери патриоттық жиынына қатысушылар шарадан алған өз әсерлерімен бөлісіп, осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса деген тілектерін білдірді.