Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«ДОСТЫҚТА ШЕКАРА ЖОҚ: Жастар. Диалог. Мәдениет» атты халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы форумы өтті

25 Қыркүйек 2019

2019 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «ДОСТЫҚТА ШЕКАРА ЖОҚ: Жастар. Диалог. Мәдениет» атты халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы форумы өтті.

 Форумға еліміздің белгілі спикерлері: маркетолог, «MarketologBlog» телеграмм каналының жүргізушісі - Алимжан Бисембаев, «Астана Хаб IT стартап халықаралық технопаркінің маркетингі және PR департаментінің  директоры - Даниэль Душманов, «AlmaU» бизнес инкубаторының директоры - Данияр Медетов, «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар даму қорының корпаративтік комуникация департаментінің директоры - Мирас Иргебаев, «PIPL Networking Bureau Women’s Entrepreneurship Day Ambassador in CA and CIS» негізін қалаушы – Мерей Мустафина, Тележүргізуші, «Телелаборатория SSLAB-TV» негізін қалаушы – Санди Султан қатысты.

Пленарлық отырыс аясында халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Ресей Федерациясының жастар саясаты саласындағы өклетті органдарымен Республикалық жастар ұйымдары және облыстық жастар саясатына уәкілетті орган арасында екі жақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Атап кетсек:

-Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен Саратов облысының «Молодежь плюс» балалар мен жастарға кешенді әлеуметтік қызмет көрсету өңірлік орталығы арасында екі жақты келісімге қол қойылды.

-Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және Ресей Федерациясы Самара облысының Білім және ғылым министірлігінің Жастар ісі департаменті.

-Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және Ресей Федерациясы Орынбор облысының жастар саясаты департаменті.

-Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Enactus Kazakhstan халықаралық комерциялық емес ұйымымен қол қойылды.

Форумның мақсаты – халықаралық және өңіраралық жастар ынтымақтастығын кеңейту, тату көршілік қарым-қатынасты нығайтып, үздік әдістемелер,  жобалармен алмасу, жастар саясаты, мәдениет, кәсіпкерлікті қолдау салаларында жастар ұйымдарының тәжірибелерін зерттеу.

24 қыркүйек күні сағат 15:30-де «Park Hotel» кешенінде «Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау», «Мәдениетаралық диалог», «Жастар мәселелерін шешуге бағытталған - Жастар саясаты» деп аталатын 3 секциялық жұмыстары ұйымдастырылды.

Форумға еліміздің барлық өңірінің және Ресей Федерациясының шекаралас аймағының (Орынбор, Саратов, Самара, Астрахань, Волгоград облыстарынан) белсенді жастары, Республикалық және облыстық жастар ұйымдары өкілдері, жас кәсіпкерлер, өңіріміздің белсенді жастары, блогерлар жалпы саны 300-ден аса жас қатысуы күтілуде.