Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Облысымыздың мемлекеттік қызметкерлері мен журналистерге арналған семинар өтті

19 Қыркүйек 2019

«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні «Әлеуметтік желіде аккаунтты дамыту стратегиясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарды ІТ-аналитик, медиа тренер Тимур Бектұр жүргізді.

Семинарға облыстың мемлекеттік қызметкерлері, журналистер, баспасөз хатшылары, блогерлер қатысты. 

Практикум қатысушыларға әлеуметтік желілер жұмысының ерекшелігі мен алгоритмдерін ұғуға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылар пайдаланушылардың типтерін, контент түрлерін, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас принциптерін талқылады.