Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Пікірсайыс - ой додасы» атты семинар-тренинг

18 Қыркүйек 2019

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен студент жастарға арналған пікірсайыс семинар-тренингі өткізілді. Шара барысында пікірсайыстың маңыздылығы, жастардың тұлғалық қалыптасуындағы әсері жөнінде мағлұмат берілді. Сонымен қатар пікірсайыстың АПФ форматы түсіндіріліп, республикалық деңгейдегі пікірсайысшылардың қатысуымен көрсетілім ойын өткізілді. Жалынды жас буындар парламентария бөлімінде белсенділік танытып, пікірлерін ашық жеткізді. Бүгінгі семинар тренинг студенттердің пікірсайысқа деген қызығушылығын арттырып, дамуға деген құлшынысын жоғарлатты.