Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Коворкинг кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

04 Қыркүйек 2019

 «Жетістікке 100 қадам» жобасы аясында «Bastau» коворкинг орталығының кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. Жоба Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыруымен 2018 жылы бастау алған болатын. Осы жылы да өз жалғасын табуда.

Жобаның мақсаты - Батыс Қазақстан облысының коворкинг орталықтары мен кітапханаларын кәсіпкерлік негіздері, жеке даму, көшбасшылық қасиеттерді арттыруға бағытталған жаңа кітаптар қорымен толықтыру. Жастардың өзін-өзі дамыту, жастар арасында өз кәсібін ашуға ұмтылатын жастардың санын көбейту.

Шараның спикерлері ретінде Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы кітапханасының меңгерушісі, «bookdating_aqjaiyq» жобасының жетекшісі Бадакова Индира Маратқызы, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстыққ ғылыми-әмбебап кітапханасының өкілі Фариза Амантайқызы шақырылды.