Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Jastar alańy» атты кездесу өтті

07 Тамыз 2019

7 тамыз күні «Болашақ жастардікі» облыстық жастар қоғамдық қоры БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Jastar alańy» атты кездесу өткізді.

Кездесуде Арғын Тукеев, Ұлан Балдахов «Болашақ» бағдарламасымен қалай оқуға түскендігі, өз кәсіптерін қалай ашқандығы туралы, Андрей Карпов Орал қаласында велоқозғалысты қалай бастағандығы туралы баяндап берді. Шараға қатысқан жастар өз сұрақтарын қойып, жауап алды.