Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурс қағидасы

01 Тамыз 2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің катысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсын жариялаған болатын.

Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге септігін тигізетін зерттеу ісіне ғылыми қауымдастықты тарту және 2019 жыл - Жастар жылына орай, соның ішінде жастарды тарту, кызығушылығын арттыру, дарынды жас ғалымдарды іздестіру, қолдау, татулық пен келісім идеяларын шоғырландыруға және қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған ғылыми және әдістемелік әзірленімдер, оқу және анықтамалық әдебиеттердің басып шығарылуына колдау көрсету болып табылады.

Байқаудың өңірлік деңгейдегі ұйымдастырушысы - Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ. Жобаларды қабылдау мерзімі ағымдағы  жылдың 10 қыркүйегіне дейін.

Қатысу ережелері, өткізу мерзімі, байқау жолдамалары қазақ және орыс тілдеріндегі     ережемен     реттелген,     сондай-ақ     байқау     бойынша     ақпарат www.zko.assembly.kz және www.bko-kelisim.kz сайттарында орналасқан.

Жүктеу: Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурс қағидасы