Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

"STUDUNION" Батыс Қазақстан облысы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының кезекті отырысы ұйымдастырылды

14 Маусым 2019

Маусым айының 14 күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, "Орал Студенттер Альянсы" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен, "STUDUNION" Батыс Қазақстан облысы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиынға ЖОО жəне АОО өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелері жəне БҚО белсенді студенттері қатысты. Жиын барысында "STUDUNION" студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының кеңесінің төрағасы "STUDUNION" кеңесінің негізгі бағыттары мен мақсаттарын айқындап айтып кетті. Кеңесте студенттерге қатысты мәселелер қозғалып, соған байланысты алдағы 2019-2020 оқу жылына жоспар құрылды. Жиын соңында тиімді команда құру және тәжірибе алмасу мақсатында бейресми білім беру бойынша тренер Жандауов Оралбек семинар-тренинг өткізді.