Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Жыл үздігі – 2017»

17 Желтоқсан 2017

15 желтоқсан 2017ж Облыс әкімі Көлгінов А.С. қатысуымен «Жыл үздігі – 2017» іс-шарасы өтті. Жыл сайын бұл шараны Батыс Қазақстан облысында «Болашақ» корпоративтік қоры өткізеді.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты- кәсіби салада кәсіби дағдылармен ерекшеленген сонымен қатар облыстық және республикалық деңгейде қоғамдық өмірге белсене қатысқан және жастар саясатын жүзеге асырған жас ұрпақты марапаттау және қолдау.
Биылғы жылғы «Жыл үздігі-2017» конкурсы 12 номинация және 3 арнайы жүлде анықтады: «Ең үздік жас оқытушы» – бұл Тасқала ауданының «Səulet» мектеп-лицейінің математика және информатика мұғалімі Марс Мақсот, «Үздік жас көшбасшысы» – БҚАТУ Жәңгір хан университетінің 4 курс студенті «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі- Мөлдір Сапар, «Үздік жас дәрігер» – Санкт-Петербург мемлекеттік медицина академиясының педиатрия түлегі – Тимур Бавгашев, «Үздік жас спортшы» – ҚР шорт-трек спорт шеберлері Нурберген Жумагазиев және Анита Нагай, «Үздік студент» – БҚМУ М.Өтемісұлы атындағы университетінің студенті, президенттік стипендия жеңімпазы- Зердегуль Мусирепова, «Үздік жас журналист» -«Ақжайық» телеарнасының тілшісі Нина Павлычева, «Үздік мектеп көшбасшысы» – №20 орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы- Адилова Камила , «Жастардың Үздік Шығармашылық өкілі» – А.Н.Островский облыстық драма театрының актері-Руслан Джумахметов, «Үздік жас ғалым» – БҚАТУ Жәңгір хан атындағы ғылыми кеңес мүшесі 1 курс магистрі -Бакиев Серік , «Ерлігі үшін»- БҚО «Төтенше жағдайлар департаментінің» құтқарушысы Рустем Губашев, «Мейірім» марапаты – Адилов Абзалға берілді, Шымкент қаласындағы белгісіз қыздың өмірін сақтап қалу үшін бүйрегін сыйлаған үшін, «Жыл жаңалығы» – «Қайыр» қайырымдылық қорының президенті ,медиаменеджер, продюсер – Алпамыс Шаримов марапатталды