Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Жастар және сайлау» атты семинар өтті

24 Қараша 2017

         Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 23 қараша сағат 15:00 –де  Жастар және оқушылар сарайында BASTAU coworking орталығында «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар және сайлау» атты семинар өтті. Семинарға Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары,  Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қуанов Рауан Есболатұлы шақырылып, студент жастар мен ЖҚБ төрағалары және мүшелері қатысқан болатын. Шақырылған қонақтар сайлау туралы жастарға толық мағлұматтар берді. Студент жастар өз сұрақтарын қойып, сайлау туралы толық мәлімет алды. Қатысқан әрбір студент сайлаудың маңыздылығын ұғынып сайлауға қатысуға ынталы болды.