Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында әскери-патриоттық клуб жетекшілері мен мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

18 Қараша 2019

2019 жылдың 18 қараша күні «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында әскери-патриоттық клуб жетекшілері мен мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Шараның мақсаты өңірімізде әскери-патриоттық клуб жұмыстарын жетілдіру, жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталды.Шара барысында әскери-патриоттық клуб жетекшілеріне жоба аясында арнайы тігілген "Жас сарбаз" әскери киімдері табысталды.