Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Еңбек жәрмеңкесі»

29 Қазан 2019

БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Болашақ жастардікі» облыстық жастар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Московский базарында «Еңбек жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкенің мақсаты жастарды еңбекпен қамту, олардың әлеуметтік бейімделуіне, жұмысқа орналасуына көмек көрсету, консультациялық қызметтер жүргізу, жұмыссыз жастарға сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру.

Шара барысында ірілі-ұсақты мекемелер мен кәсіпорындар келушілерге бос жұмыс орындарын ұсынып, мемлекеттік бағдарламар туралы сұрақтарына жауап берілді.