Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Халықаралық студенттер күні» мерекесіне арнаған облыстық пікірсайыс турнирі

16 Қараша 2019

2019 жылдың 16 қараша күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен " Жас экономист" жастар қоғамдық бірлестігі "Халықаралық студенттер күні" мерекесіне арналған  ашық облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастарды.  Аталмыш шараның негізгі мақсаты облыс жастары арасында  пікірсайыс қозғалысын дамыту, шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау, облыс жастары арасында пікірсайыстың деңгейін көтеру, пікірсайыс форматтарын жетік меңгерген  жастар қатарын арттыру, үздік пікірсайысшыларды анықтап, марапаттау. Турнирде аймақтық, республикалық деңгейдегі пікірсайысшылар төрешілік қызмет атқарып, мықтыларды анықтады. Қазақ және орыс лигасы бойынша өткізілген  пікірсайыс турниріне М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университетінің, Батыс Қазақстан инжерлік-технологиялық колледжінің,  Ж.Досмұхамбедов атындағы педагогикалық колледжінің, Батыс Қазақстан медициналық колледжінің студенттері  және  №35 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.  Турнирге қазақ және орыс лигасы бойынша 26 фракция тіркеліп 50 спикер пікір таластырды.  Тартысты өткен ашық облыстық  пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша қазақ лигасынан жүлделі 1-орынды М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінен құралған "Фил-мат" фракциясы - Бозаев Тұрар, Бекалиева Ригина  иеленсе, жүлделі II- орынды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерінен  құралған " DDL " фракциясы - Саденова Жанайым, Қыдырниязов Нұрберген иемденді.  Жүлделі III орынмен жоғарыда аталған М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінен құралған  "Комета" фракциясы – Анесова Анаргуль, Жалмұханбетова Ақдана марапатталды. Аталған лига бойынша "Үздік спикер"  номинациясымен Букенбаева Сымбат лайық деп танылса, "Үздік төреші" Оразхан Бағдат  атанды. Орыс лигасы бойынша жүлделі I  орынмен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  студенті "Аң патшасы" фракциясы - Арыстан Лукпанов марапатталды.  Жүлделі II орынды   №35 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларынан құралған  "Пампончики"  фракциясы - Беков Семён, Ищанов Муса иемденсе, жүлделі III орынға М.Өтемісов атындағы БҚМУ  студенттерінен  құралған "Эйфория" фракциясы- Тельманова Альбина, Нуралы Асем лайық деп танылды.  Орыс лигасы бойынша  Усенова Лияна " Үздік төреші " аталымымен марапатталса, Тельманова Альбина "Үздік спикер " атанды. "Халықаралық студенттер күні"  мерекесіне арналған  ашық облыстық пікірсайыс турнирінің қатысушылары арнайы алғыс хаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.