Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Birgemiz»: «Saýlyq» жалпыұлттық жобасы

12 Ақпан 2020

«Birgemiz»: «Saýlyq» жалпыұлттық жобасы аясында «WinterFest» Орал қаласының жастар арасындағы қысқы спорт фестивалі өтті. Волонтерлар жылы аясында шаһарымыздың жастарының арасында Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жыл сайынғы «WinterFest» қысқы спорт фестивалін ұйымдастырды. Қысқы жарысқа қаламыздағы ЖОО, АОО оқу орындарыны студенттері мен волонтерлік қозғалыстың мүшелері қатысты. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты: дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балалардың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру. Жарыс «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында өтті, онда жастар қар үстіндегі шағын футбол, шаңғы эстафетасы, нысанаға қар лақтыру, карель жарысы және қармен мүсін салу бойынша сайысқа түсумен қатар, қарда жүргішпен және шанамен сырғанап жарысты.

«WinterFest» жастар арасындағы қысқы спорт фестивалінің көңілді эстафета спорт түрінен І орынды А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі жеңіп алса, жарыстың ІІ орынына Республикалық жоғары техникалық колледжі тұрақтап Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ІІІ орынға ие болды. «Қар үстіндегі шағын футбол» фестивальдың көркін қыздырып, бәсекеге толы болған ойында ІІІ орынды ЗКИТУ құрамасы, ІІ орынды УКИТ құрамасы, жүлделі І орынды Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі иеленді. Биылығы фестивальге жаңадан қосылған ойынның түрі керлинг дәлдік пен топтық ойынды талап ететін сайыста ІІІ орынды Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жеңуп алды, финалдық бәсекеде Орал жастары волонтерлары мен УКИТ командалары кездесіп, УКИТ құрамасы басым түсті.

Қысқы фестивальге 150-дің үстінде жастар қатысып, жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар, медаль кубоктар және дипломдармен марапатталды.