Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Баяндамалар мен есептер

ОБЛЫСТА ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ МӘЛІМЕТ

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпарат

2018 жылдың 1 қаңтарына Батыс Қазақстан облысының 14 пен 29 жас аралығындағыжастарының саны - 136 016адам.Облыстағы 4жоғарыоқуорындарында 30 503 студент оқиды, 38 арнаулы орта оқуорындарында 19 050 жас білімалуда. «Мәнгілік Ел жастары - индустрияға!» әлеуметтік жобасы шеңберінде 1320 студент білім алуда.

Облыста 89 жастар қоғамдық бірлестіктері бар, оның 64-і Орал қаласындажәне 25-і аудандарда. Олардыңішінен 30 жастар қоғамдық бірлестігібелсенді жұмыс жасауда, 6 республикалық ұйымдардың филиалы бар.

NEET жастарының үлесі (жалпы жастар саны бойынша еш жерде оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар үлесі)- 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2,8%. Қазіргі уақытта бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздық деңгейі - 4,0%.

Жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы.

Жастар саясатын жүзеге асыруға қаржыландыру - 2018 жылы 486,8 млн. теңге қаржы бөлінді. (2017 жылы - 450,6 млн.теңге).

2018 жылы облыс бойынша 53 әлеуметтік-маңызы бар жоба жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 23 жоба – облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен, 30 жоба – Орал қаласы және аудан әкімдіктерімен. 2018 жылы жастарға арналған әлеуметтік-маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін 177,4 млн. теңге қаржы бөлінді (2017 жылы - 173,7 млн.теңге).

Соңғы 3 жылда (2015-2017 жылдар) «Жастар практикасы» бағдарламасына- 5 мың 282 жас тартылып, 1 млрд 182 млн. теңге қаржы бөлінді.

«Дипломмен ауылға» жобасымен - 1419 маман ауылдық жерлерге тартылып, 644 мың 367теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, 3 млрд 194 мың 103теңге несие алды.

«Жасыл Ел» бағдарламасына - 4 мың 350 жас қатысты, орташа жалақы – 50 мың теңге.

Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары - 848 жас қатысты, орташа жалақы –70 мың теңге.

Өңірде екі мемлекеттік университетте 3 135 студент грант арқылы білім алуда.2017 жылы жергілікті бюджеттен 190 грант бөлінді. 2018 жылы жергілікті бюджеттен 210 грант бөлу жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстан облысының 4 жоғары оқу орнында 30 503 студент білім алуда, оның ішінде 13 069 студент күндізгі бөлімде оқиды.

Қазіргі уақытта 3 жоғары оқу орнында 3 226 орынға арналған 8 жатақханада 2 969 студент тұрып жатыр.

2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы және аймақты дамыту бағдарламасы шеңберінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту көзделуде.

2018 жылдың 5 маусымына 2210 жас азамат жұмыспен қамту органдарына жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Жастар арасындағы тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,7%-ы құрайды.

Батыс Қазақстан облысының халқын жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары, соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар жұмыспен қамту түрлі белсенді шараларымен қамтылуда.

2018 жылдың 1 мамырына Бағдарлама аясында 2881 жас азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 2379 жас жұмысқа орналастырылды, атап айтсақ 1078 жас жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына жолданған. Бұған қоса, әлеуметтік жұмыс орындарына 150 жас, жастар практикасына 678 жас маман, ақылы қоғамдық жұмыстарға 478 жас.

Бұған қоса, Бағдарлама аясында жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 360 жас, «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 141 жас жолданды, 1 жас несие алды.

Бүгінгі таңда 2250 студент жатақханаға мұқтаж. Жоғары оқу орындарының 500, колледжердің 1750 студенті туыстарында немесе пәтер жалдап тұрады.

2018 жылы облыс орталығында салынатын 6 жатақхананың (1650 орындық) жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, 2 жатақхананың құрылысы басталады.

- М. Өтемісов атындағы БҚМУ - 2 жатахана (250*2=500 орындық);

- Индустриалдық қолледж - 2 жатахана (250*2=500 орындық);

- Политехникалық колледж - 1 жатахана (150 орындық);

- Медициналық қоледжі - 1 жатахана (150 орындық);

Облыста 14 жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары жұмыс атқарады. Жастарға орталықпен әр түрлі мәселелер бойынша консультациялық қызметтер жүргізілуде. Оның ішінде, жұмыссыздық, діни, заңгерлік, психологиялық тұрғыда 2018 жылдың басынан бері орталықтарда 1507 жас кеңес алды.Оның ішінде, 133 жас заңгерлік тұрғыдан кеңес, 149 жас психологиялық кеңес, 264 жас теологиялық кеңес, 683 жас жұмыссыздық және өзге де мәселелер бойынша кеңес алды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 242 жас жұмыспен қамтылды.

Облыстық және аудандық жастар ресурстық орталықтарымен жастарды жұмысқа орналастыру бойынша «Жас маман», мемлекеттік бағдарламалар мен қызметтерді түсіндіру, ақпараттандыру мақсатында «Жастарға кеңес», жас мамандарды қолдау, оқу орындары түлектерін кәсіби даярлау, еңбекке баулу «Болашағың өз қолыңда» жаңа жобалары жүзеге асырылуда.

2018 жылдың 1 жартыжылдығында облыс бойынша жастардың әлеуетін дамыту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және азаматтық белсенділіктерін арттыру мақсатында жастар қоғамдық бірлестіктері мен облыстық және аудандық ресурстық орталықтардың ұйымдастыруымен 155 іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде 8 500 жуық жас қамтылды. Олардың ішінде бірқатар облыстық ірі көлемді іс-шараларды атап өтуге болады.