Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау Қазақстанның мемлекеттік саясаттының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті — Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «біз түпкі мақсатымыз — жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» делінген.
Мемлекет азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары накез келген құқық бұзушылыққа мемлекет реакциясының болмай қоймайтынын қамтамасыз етумен қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және кінәлі адамдарды заңмен бекітілген жауапкершілікке тартумен кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

  • жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескенадам мемлекеттiң қорғауында болады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық Бюросы (өңірлерде — аймақтық Департаменттер) сыбайлас жемқорлықпен және жемқорлық қылмыстармен күресте уәкілетті орган болып табылады, және экономикалық және қаржылық қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметтi жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Сенім телефондары: 1424

 


 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде интернет-конференцияны өткізілетіндігі туралы хабарландыру

 

 

Батыс Қазақстан облысында  Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің

Батыс Қазақстан облысында

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары.

2017 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама