Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

08 Қараша 2019

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ

090000, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 177, 404 каб.

Анықтамаүшін телефон: 8 (7112)305065, 303415 Е-mail: uvmp_zko@mail.ru, zhastar@bko.gov.kz.

1. Ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру бөлімініңбасшысы (санаты D-O-3, индекс №03-1, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысына шығуына байланысты 2021 жылдың 05 қарашасына дейін).

Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 126 357 (min) теңгеден 170 599 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бөлімге басшылық ету, бөлім ережесін өңдеу және басқарма басшысына бекітуге ұсыну, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе оларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныс енгізу, басқарманың және бөлімнің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарын жоспарлау, басқарманың жылдық, медиа жоспарларын әзірлеу, Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша социологиялық және политологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу, жоғарғы тұрған мемлекеттік органдарға уақытылы аналитикалық есептерді, ақпараттарды, материалдарды беружәне уақытында орындалуын талдау, бөлімдегі іс-қағаздарды жүргізуге бақылау жасау, басқарма басшылығының бекітуіне жастар саясаты саласы бойынша концептуалдық негіздер және практикалық ұсыныстарды ұсыну, республикалық және облыстық социологиялық орталықтармен, облыстағы жоғары оқу орындарының социологтары және саясаттанушыларымен, тәуелсіз аналитикалық құрылымдармен, барлық мемлекеттік органдармен байланыс жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің саясатын, мемлекеттік жастар саясатын, Қазақстан 2050 Стратегиясын түсіндіру және насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру,жастар ортасындағы қоғамдық-саяси ахуалдар процестеріне болжам жасап, талдауды жүзеге асыру, облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің қызметін, алқа отырыстарын ұйымдастыру, Кеңестің жылдық жоспарын, баяндамалар, облыс жастарының паспортын әзірлеу, басқармаға қарасты мекемелердің жұмысын үйлестіру, қадағалау, тиісті жергілікті атқару және құқық қорғау, мемлекеттік органдарымен өзара байланыс ұстау, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, басқарма бойынша құжаттарды дайындауда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау.

Білімі бойынша талаптар: Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, қазақ және орыс филологиясы), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (социология, политология, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша.

2. Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімініңбасшысы (санаты D-O-3, индекс №01-1), 1 бірлік(уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысына шығуына байланысты 2020 жылдың 01 наурызына дейін).

Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 126 357 (min) теңгеден 170 599 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бөлімге басшылық ету, бөлім ережесін өңдеу және басқарма басшысына бекітуге ұсыну, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе оларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныс енгізу, бөлім жұмысының ағымдағы және перспективтік жоспарларын орындау, бухгалтерлік есеп-қисап, өзге де қаржы-шаруашылық, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есеп берулерді уақытылы жүзеге асыруды қадағалау, ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржы бақылау комитетіне реестр жіберу, мемлекеттік органдар және өзге де мекемелерге қатысты басқарманың қаржы-құқықтық құқықтарын қорғау, бөлімдегі іс-жүргізулерге бақылау жасау, Басқарманың іс-шараларын қаржыландыру, өнім берушілердің қаржылық есептерін тексеру, қаржыландыру жоспарларын жасақтау және өзге де қаржыландыру жөніндегі құжаттарды даярлау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіменөзара қатынас жасау, мерзімдік және жылдық есеп берулерді уақытылы жүзеге асыру, басқарма басшысы бұйрықтарының жобасын ұсыну, ұсынылған бұйрық жобаларының заңдылығын тексеру, мемлекеттік сатып алу байқауларының қорытындылары бойынша келісім-шарттарды жасау, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Заңының, басқарма бойынша құжаттарды дайындауда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау.

Білімі бойынша талаптар: Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар және бизнес(экономика,қаржы, есеп және аудит), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушуға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6)ғылыми дәрежесінің болуы;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

__________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________

_________________________________________________________________

________ ______________________________

қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 ___ ж