Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

25 Қараша 2019

090000, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 177, 4 қабат

Анықтама үшін телефон: 8 (7112) 305065, Е-mail: www.uvmp_zko@mail.ru.

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы (санаты D-O-3, индекс №01-1), 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысына шығуына байланысты 2020 жылдың 01 наурызына дейін).

Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 126 357 (min) теңгеден 170 599 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бөлімге басшылық ету, бөлім ережесін өңдеу және басқарма басшысына бекітуге ұсыну, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе оларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныс енгізу, бөлім жұмысының ағымдағы және перспективтік жоспарларын орындау, бухгалтерлік есеп-қисап, өзге де қаржы-шаруашылық, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есеп берулерді уақытылы жүзеге асыруды қадағалау, ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржы бақылау комитетіне реестр жіберу, мемлекеттік органдар және өзге де мекемелерге қатысты басқарманың қаржы-құқықтық құқықтарын қорғау, бөлімдегі іс-жүргізулерге бақылау жасау, Басқарманың іс-шараларын қаржыландыру, өнім берушілердің қаржылық есептерін тексеру, қаржыландыру жоспарларын жасақтау және өзге де қаржыландыру жөніндегі құжаттарды даярлау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен өзара қатынас жасау, мерзімдік және жылдық есеп берулерді уақытылы жүзеге асыру, басқарма басшысы бұйрықтарының жобасын ұсыну, ұсынылған бұйрық жобаларының заңдылығын тексеру, мемлекеттік сатып алу байқауларының қорытындылары бойынша келісім-шарттарды жасау, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Заңының, басқарма бойынша құжаттарды дайындауда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика,қаржы, есеп және аудит), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушуға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6)ғылыми дәрежесінің болуы;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Хабарландыруды жүктеу