Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

16 Қаңтар 2019

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 177, 404 каб.

Анықтамаүшін телефон: 8 (7112)250551, 250090 Е-mail: zhastar@bko.gov.kz, uvmp_zko@mail.ru.

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы (санаты D-O-3, индекс №03-1, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысына шығуына байланысты 2021 жылдың 05 қарашасына дейін). Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бөлімге басшылық ету, бөлім ережесін өңдеу және басқарма басшысына бекітуге ұсыну, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе оларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныс енгізу, басқарманың және бөлімнің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарын жоспарлау, басқарманың жылдық, медиа жоспарларын әзірлеу, Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша социологиялық және политологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу, жоғарғы тұрған мемлекеттік органдарға уақытылы аналитикалық есептерді, ақпараттарды, материалдарды беружәне уақытында орындалуын талдау, бөлімдегі іс-қағаздарды жүргізуге бақылау жасау, басқарма басшылығының бекітуіне жастар саясаты саласы бойынша концептуалдық негіздер және практикалық ұсыныстарды ұсыну, республикалық және облыстық социологиялық орталықтармен, облыстағы жоғары оқу орындарының социологтары және саясаттанушыларымен, тәуелсіз аналитикалық құрылымдармен, барлық мемлекеттік органдармен байланыс жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің саясатын, мемлекеттік жастар саясатын, Қазақстан 2050 Стратегиясын түсіндіру және насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру,жастар ортасындағы қоғамдық-саяси ахуалдар процестеріне болжам жасап, талдауды жүзеге асыру, облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің қызметін, алқа отырыстарын ұйымдастыру, Кеңестің жылдық жоспарын, баяндамалар, облыс жастарының паспортын әзірлеу, басқармаға қарасты мекемелердің жұмысын үйлестіру, қадағалау, тиісті жергілікті атқару және құқық қорғау, мемлекеттік органдарымен өзара байланыс ұстау, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, басқарма бойынша құжаттарды дайындауда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, қазақ және орыс филологиясы), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (социология, политология, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы), құқық (құқықтану) мамандықтары бойыншажоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Аталған қағиданың 101 – тармағына сәйкес, конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Хабарландыру жүктеу