Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуғажалпы конкурс туралы хабарландыру

05 Желтоқсан 2018

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 177, 404 каб.; Анықтама үшін телефон: 8 (7112) 250551, 250090 Е-mail: zhastar@bko.gov.kz uvmp_zko@mail.ru.

Ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы (санаты D-O-3, индекс №03-1, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысына шығуына байланысты 2021 жылдың 05 қарашасына дейін). Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бөлімге басшылық ету, бөлім ережесін өңдеу және басқарма басшысына бекітуге ұсыну, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе оларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныс енгізу, басқарманың және бөлімнің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарын жоспарлау, басқарманың жылдық, медиа жоспарларын әзірлеу, Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша социологиялық және политологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу, жоғарғы тұрған мемлекеттік органдарға уақытылы аналитикалық есептерді, ақпараттарды, материалдарды беру және уақытында орындалуын талдау, бөлімдегі іс-қағаздарды жүргізуге бақылау жасау, басқарма басшылығының бекітуіне жастар саясаты саласы бойынша концептуалдық негіздер және практикалық ұсыныстарды ұсыну, республикалық және облыстық социологиялық орталықтармен, облыстағы жоғары оқу орындарының социологтары және саясаттанушыларымен, тәуелсіз аналитикалық құрылымдармен, барлық мемлекеттік органдармен байланыс жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің саясатын, мемлекеттік жастар саясатын, Қазақстан 2050 Стратегиясын түсіндіру және насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жастар ортасындағы қоғамдық-саяси ахуалдар процестеріне болжам жасап, талдауды жүзеге асыру, облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің қызметін, алқа отырыстарын ұйымдастыру, Кеңестің жылдық жоспарын, баяндамалар, облыс жастарының паспортын әзірлеу, басқармаға қарасты мекемелердің жұмысын үйлестіру, қадағалау, тиісті жергілікті атқару және құқық қорғау, мемлекеттік органдарымен өзара байланыс ұстау, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, басқарма бойынша құжаттарды дайындауда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, қазақ және орыс филологиясы), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (социология, политология, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім;

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Заңдары, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілер.Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 «"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негiзiнде жүргiзiледi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);

2. 3×4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);

3. Білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7. Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы ММ өтеді.

Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» негiзiнде жүргiзiледi

Хабарландыруды жүктеу