Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

22 Сәуір 2019

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ

090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 177, 404 каб.

Анықтама үшін телефон: 8 (7112)305065, 303415.

Е-mail: zhastar@bko.gov.kz, uvmp_zko@mail.ru.

Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы (санаты D-O-4, индекс №03-2, 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 83282 (min)

теңгеден 112431(max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Жастар саясаты және оны жүзеге асырудағы перспективалық бағыттар жөнінде практикалық ұсыныстарды даярлау, жастар арасындағы қоғамдық-саяси ахуалды бақылау, қоғамдық бірлестіктермен, ауыл, студент, оқушы, білім алушы және жұмысшы жастармен, оқу орындарының жастар комитеттерімен, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелері бойынша басшы орынбасарларымен, студенттік және жастар құрылыс жасақтарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіподақтармен, ұлттық-мәдени орталықтармен жұмыс жасау, олардың қатысуымен шаралар ұйымдастыру, жұмыстарын үйлестіру, іс-шаралардың сапалы өтуін бақылау, еріктілер қозғалысын дамыту. Әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру, жеткіншектер және жастар арасында қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу, жастар арасында салауатты өмір сүруді насихаттау жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алулардың барлық құжаттарын әзірлеу, облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында іске асырылатын шаралардың қысқа және ұзақ мерзімге арналған желілік кестелерін жасақтау, жылдық іс-шаралар жоспары орындалуының есебін дайындау, тиісті жергілікті атқару және құқық қорғау, мемлекеттік органдарымен өзара байланыс ұстау, жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, БАҚ-мен жұмыс атқару, жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді дамыту.

Конкурсқа қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім: гуманитарлық (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика), құқық (құқықтану), білім беру саласындағы мамандықтар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым (Д-О-4 санаты бойынша) төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiктiзiмі;

3) Бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқасымен салыстырып тексереді.

Сонымен қатар, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды тапсыру сәтінде Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1. Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2. Конкурсқа қатысушы құжатарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол, электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Жүктеу: «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру