Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» (мемлекеттік орган) ММ«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

06 Наурыз 2017

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» (мемлекеттік орган) ММ«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

090000, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 үй, анықтама үшін телефон 8(7112) 51-15-27, 50-45-32 (факс), электрондық почта:uvmp_zko@mail.ru.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазымдардың (Д-О-4 санаты бойынша) төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» , «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын білуі.

 «Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін міндетті білімдер.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар                  («Болашақ» бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Д-О-4  санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 (min) теңгеден 112431(max) теңгеге дейін.

Батыс Қазақстан облысыжастар саясаты мәселелері басқармасының әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, №01-2  (санаты- D-O-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:

Басқарма қызметкерлеріне уақытылы еңбек ақылары мен өзге де төлемдерді төлеуді жүзеге асыру, мерзімдік және жылдық қаржы жоспарларын даярлау, бухгалтерлік есеп-қисаптарды және есеп берулерді уақытылы жүргізу, іс-сапарларды,  Басқарманың өзге де іс-шараларын уақытылы қаржыландырып, тиісті құжаттарды талап етіп жинақтау, Басқарма балансындағы негізгі және өзге де кіші құнды мүліктерге есеп жүргізу. Бөлімдегі іс-қағаз құжаттарының тиісті деңгейде жүргізілуіне қадағалау жасау, Басқарманың номенклатурасын даярлау, құрылымдық бөлімдерінің іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау, іс-құжаттарды мұрағатқа тапсыру, басқарма бөлімдерінде құжаттардың сақталуына бақылау жасау, қызмет бабында қолдануға арналған құжаттармен жасалатын жұмыстарға бақылау жасау, құрылымдық бөлімшелерімен жоғарғы тұрған органдарға кесте бойынша тапсыратын есеп берулер мен ақпараттардың уақытында берілуін бақылау, кіріс, шығыс құжаттары, жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдарды тіркеп, бақылау жүргізу, тиісті органдарға уақытында есеп беру, бақылау карточкаларын жүргізу, мәжілістерді ұйымдастыру, мәжіліс хаттамасын жүргізу, жастар саясаты мәселері басқармасының жылдық, айлық және апталық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және облыс әкімі аппаратына тапсыру, облыс әкімі аппаратына іс-шаралардың, облыс аппараты хаттамаларының орындалуы жөнінде есеп беру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: 

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары бойынша жоғары білім.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 

1)    Белгiленген нысандағы өтініш;

2)    3х4 үлгідегі суретпен, белгіленген нысандағы сауалнама;

3)    Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

3 , 4, 7, 8  тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізудің уақыты  мен орны:

Жалпыконкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасында  өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида), негізінде жүргізіледі.