Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 177, 404 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8 (7112)305065, 303415                                                                           Е-mail: zhastar@bko.gov.kz, uvmp_zko@mail.ru.

         Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы (санаты D-O-3, индекс №02-1, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

         Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бөлімге басшылық ету, бөлім ережесін өңдеу және басқарма басшысына бекітуге ұсыну, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе оларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныс енгізу. Бөлім жұмысының ағымдағы және перспективтік жоспарларын орындау, жеке және заңды тұлғалардан келген арыздар мен өтініштерді қарау, саяси партиялардың жастар қанатымен, жастар және балалар ұйымдарымен, діни ұйымдармен, қоғам өкілдерімен, жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс ұстау.

Мемлекеттік жастар саясаты саласында білім және тәрбие беру ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсету. Облыстағы білім беру ұйымдарымен жастар саясатын жүзеге асыру бойынша тығыз қарым-қатынас жасау, жоспарлы іс-шараларды ұйымдастыру.

Жастар бірлестіктерінің қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, олардың жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыруын қамтамасыз ету, өнерлі, талантты жастар мен жастар белсенділерін қолдау, еріктілер қозғалысын дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар ұйымдарымен жүзеге асырылатын шаралардың сапалы өтуіне бақылау жасау, жүзеге асырылған шаралар туралы шығармашылық есептердің техникалық ерекшеліктер талаптарына сәйкестігін тексеру, тиісті жергілікті атқару және құқық қорғау, мемлекеттік органдарымен, аудандық әкімдіктермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен өзара байланыс ұстау, бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша практикалық ұсыныстарды даярлау және басқарма басшысына ұсыну, облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің қызметін, алқа отырыстарын ұйымдастыру, жастар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының негіздерін түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу, басқармаға қарасты мекемелердің жұмысын үйлестіру және қадағалау, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, басқарма бойынша құжаттарды дайындауда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білімді: гуманитарлық (халықаралық қатынастар, тарих), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы), құқық (құқықтану), қызметтер (мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру), білім.

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     6) ғылыми дәрежесінің болуы

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

         2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

       Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

       Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасында өтеді.

         Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Аталған қағиданың 101 – тармағына сәйкес, конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына  

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы 

__________________________

__________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)  

     

Өтініш

      Мені___________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________

_________________________________________________________________

________                               ______________________________

  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 ___   ж