Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Жастар қоғамдық бірлестіктері

«Ақжайық КВН (КТК) лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі

 

Төрағасы: Досмағамбетов Қанат Болатұлы

Ұялы телефоны:  87779772232

Е-mail:  bkokazkvn@mail.ru

Қазақстан КВН Одағының ең негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді КВН қозғалысын өркендету. Қазақ тілін кеңінен қолдану өрісін көркейте түсуге және де беделін арттыруға үлес қосу;

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау;
  • Елбасының «Интеллектуалды ұлт — 2020» қалыптастыру идеясынан туындайтын мақсат-міндеттерді орындау;
  • Жас буынды тәрбиелеудің негізгі бағыттарының іске асуын қолдау және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
  • Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
  • Жастар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
  • Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
  • Жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
  • Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;
  • Халықаралық бітім мен азаматтық келісімге келуге, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарының дамуына, өнегелі және рухани байлықтарын нығайтуға жағдай жасау;
  • Республика аралығында және халықаралық байланыстың орнауы мен дамуына үлес қосу;

  «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Сүлейменов Мерген Қуанышұлы

Ұялы телефоны: 87013783444, 87770619444

Е-mail: s_mergen@mail.ru

«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі - 2002 жылдың 2-ші сәуір күні облысымызда алғашқы құрылған жастар қоғамдық бірлестіктерінің бірі. Бірлестіктің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына, олардың рухани дүниесінің, ой-өрісінің артуына, әлеуметтік статусының, саяси және құқықтық мәдениетінің алға басуына үлесін қосу. Бүгінгі күнге дейін бірлестік мүшелері облыстық, республикалық деңгейдегі жастар саясаты тақырыбына арналған бірнеше дөңгелек үстелдерге, телевизиялық ойындар мен бағдарламаларға, пікір-сайыс турнирлеріне тұрақты қатысып, төрешілік қызмет атқарып келеді. Құрылған кезден бастап, бірлестік пікір-сайысшылары қалалық, облыстық, республикалық деңгейде үздік нәтижелерге қол жеткізді.  

«Батыс - Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігі

Президенті: Берікқалиев Әділет Ғаділбекұлы

Ұялы телефоны: 87014169737

Е-mail: adlet.b@mail.ru

«Батыс - Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігі 2015 жылдың 3 наурызында тіркеліп, қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар жобалармен жұмыстанып келеді. Бірлестіктің мақсаты: Батыс Қазақстан облысында жастар саясатының жүзеге асырылуына өз үлесін қосу, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту. жастар арасындағы мәдени-ағартушылық, жастар белсенділігінің дамуына ықпал ету.      

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы

Директоры: Тұманбаева Салтанат Асқарқызы

Ұялы телефоны: 87755814045

Е-mail: tumanbayeva@bk.ru

Әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешу үшін стипендианттардың күштерін, интеллектуалдық, шығармашылық және іскерлік жігерлерін жұмылдыру; ҚР қоғамдық саяси, әлеуметтік және экономикалық ілгерлеуіне мүмкіндік туғызатын жасампаздық іс-шаралар өткізу; Қайырымдылық мақсаттарға бағытталған іс-шаралар өткізу; Қоғамдық саяси орта, мемлекеттік басқару, бизнес салаларының мамандарының кәсіби және тұлғалық өсуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;Дәрістер өткізу мен студенттермен кездесулер өткізу, мемлекет пен елдің Президентінің саясатын түсіндіру жолымен жоғары білімді отансүйгіш жастардың қалыптасуына ат салысу;Талантты жастарды анықтау мен алға сүйреу, сәйкесінше өз орындарында оларды жүйелі түрде шешу үшін жастар проблемалары туралы мағлұматтар жинау;Конференциялар, сонымен бірге, халықаралық, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, конкурстар мен басқа да іс-шараларды өткізу;Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының жүзеге асырылуына қатысу және т.б.  

«БҚО жастар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі

Төрағасы:

Қауымдастық қызметінің мәні жастардың, сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық коммерциялық емес жастар ұйымдарының мүдделеріне өкілдік ету, жүзеге асыру, қүқықтық қорғау болып табылады. Қауымдастықтың негізгі мақсаттары өз істерін облыстық деңгейде жүзеге асыратын коммерциялық емес студенттік және жастар ұйымдарының қызметтерін үйлестіру, біріктіру және қолдау, жастардың облыстық қоғамдық, экономикалық және мәдени өміріне белсенді қатысуы үшін жағдай жасау, әлеуметтік-сауықтыру көмек көрсету, жастарға арналған әлеуметтік мәні бар жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, жастар бастамаларын қолдау болып табылады.  

«БҚО Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Зұлхаров Әділгерей Сырымбетұлы

Ұялы телефоны: 87755812680, 87472535652

Е-mail: zulkharov@gmail.com

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасау. 18-29 жас аралығындағы студент және жұмыссыз жастарды жаз уақытында мезгілдік жұмыспен қамту. Әлеуметтік маңызы бар ғимараттар мен жол құрылысы, облыс аумағындағы жүргізілетін өзге құрылыс нысандарында жастардың еңбек етуін қамтамасыз ету.  

  «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Сахиев Болатбек Жеткергенұлы

Ұялы телефоны: 87018507506

Е-mail:bolatbek.87@mail.ru

Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі 2005 жылдың 25 қыркүйек күні құрылып, заңды ұйым ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Осы құрылған жылдан бері бірлестік Батыс Қазақстан облысының жастар саясатының дамуына, соның ішінде жастардың саяси-мәдени, рухани-шығармашылық өміріндегі дамуы бағытында өз үлесін қосып келеді. Бірлестіктің алдына қойған мақсаты –  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасауға, олардың рухани дүниесінің, ой-өрісінің және күш-жігерінің артуына, әлеуметтік статусының, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарылауына атсалысу, жастар арасында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тілдеріне, салт дәстүрлеріне және мәдени мұраларына құрметті қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.  

БҚГА студенттерінің «Дәуір» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы:  

«Дәуір» жастар қоғамдық бірлестігі облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тілдеріне, салт дәстүрлеріне және мәдени мұраларына құрметті қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. әлеуметтік-сауықтыру көмек көрсету, жастарға арналған әлеуметтік мәні бар жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, жастар бастамаларын қолдау болып табылады.

«Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Сейтимов Азат Ғалымұлы

Ұялы телефоны: 87754126967

Е-mail:  seitimov@mail.ru

Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің жарғысына сәйкес ұйым миссиясы – студенттік және жастар ұйымдарының қызметін үйлестіру, қолдау, жастардың қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірге белсенді қатысуы үшін жағдайлар жасау, әлеуметтік сауықтыру көмектерін көрсету, жастарға арналған әлеуметтік мәні бар жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, жастар бастамаларын қолдау болып табылады. Бірлестік жас азаматтардың еркін дамуы үшін жағдай жасауға; олардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына және жүзеге асырылуына; жастар белсенділігінің дамуына, олардың жаңашыл әлеуетіне, ғылыми, техникалық және әдеби шығармашылығына, патриоттық тәрбиеленуіне; жастар арасындағы мәдени-ағартушылық, дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарына ықпал етеді.  

«Жасыл Ел» Республикалық жастар еңбек жасақтары Батыс Қазақстан облыстық штабы

Төрағасы:  Досмағамбетов Қанат Болатұлы

Ұялы телефоны:  87779772232

Е-mail:  bkokazkvn@mail.ru

«Жасыл Ел» - мектеп, студенттер мен жұмыссыз жастардың маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған жоба, бүкіл ел бойынша орман құру, осылайша Қазақстан Республикасында қалыптастыру экологиялық жағдайды жақсарту туған жер байлығы үшін Отанға және құрмет жастар патриотизм, өмірдің барлық салаларында үшін қызықты демалыс іс-шараларды ұйымдастыру. Аталмыш ұйым еліміздің барлық өңірлерінде филиалдары, Астана және Алматы қалаларының бар.  

«Жас өркен» балалар мен жасөспірімдер ұйымының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы:  Нарымбаева Мадина Алмасқызы

Ұялы телефоны: 87053903696

Е-mail: madina_n93@mail.ru

Бірлестік 2008 жылдың 20 қазан күні құрылды. Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын ұйымдастыру, олардың әлеуметтік беделдерін көтеру және дамыту мақсатында жұмыстанады.Бірлестіктің бірден-бір міндеті: Балалар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру,әлеуметтік-шығармашылыққа оқыту және достыққа шақыру, мәдени тәрбие беру арқылы жалпы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, балаллар мен жасөспірімдер ұйымын кеңінен насихаттау,балалармен жұмыстану үшін шығармашыл адамдар мен мұғалімдерді тарту, тәрбиелік даму мектебінің мәртебесін көтеру және балалардың белсенділігін арттыру. Біздің ұранымыз: «Барлық білім күшімізбен Отанға адал боламыз!»  

«Жас эколог» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Исламғали Сәләмат Ергенұлы

Ұялы телефоны: 87712178922, 87027242822

Е-mail: Salamat.93_93@mail.ru

БҚО «Жас эколог» ЖҚБ – нің атқаратын қызметтері қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тазалықты сақтау бағытында ұйымдастырылып келеді және осы жобаның орындалуы ұйымның жарғысында қаралған төмендегі мақсаттарына сәйкес келеді. Қоршаған ортаны қорғау саласында ерікті белсенді іс-әрекетті насихаттау.Қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды қалпына келтіру және тиімді пайдалану, экологиялық ғылыми және мәдени құндылықтары бар қоршаған орта объектілерін қорғауға қатынасу, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың қызыметін ұйымдастыру.Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық халықаралық бірлесіп еңбек етуді дамыту.Мемлекеттік экологиялық және қоғамдық экологиялық экспертиза өткізуге қатынасу.Қоршаған ортаны қорғау саласында, төтенше жағдайларды ликвидациялау,экологиялық қолайсыз аймақтарды сауықтыруда қоғамдық бақылау және қоғамдық инспекция жүргізу .Экологиялық және қоршаған ортаны қорғауға байланысты конференциялар, семинарлар ''дөңгелек үстелдер'' және тағыда басқада шаралар өткізу.  

«Жас Экономист» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасау. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тіліне құрметті қалыптастыру.    

«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты

Төрағасы: Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы

Ұялы телефоны: 87752190583, 87078197856

Е-mail: bko@zhasotan.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасау.Бірлестік міндеті - барлық күшті білімді, дені сау, бәсекеге қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары  жас адамдарды тәрбиелеу, сондай-ақ өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне белсене қатысу    

«Заман» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Өкшебаев Асхат Ерболатұлы

Ұялы телефоны: 87025878082

Е-mail: okshebaev@mail.ru

Бірлестіктін пәні, мақсаттары және міндеттері ЖҚБ-ң қызметінің мәні жастардың құқықтары мен мүдделерін көрсету, жүзеге асыру, қорғау болып табылады.ЖҚБ-ң негізгі мақсаттары жастардың елдің қоғамдық , экономикалық және мәдени өміріне белсенді араласуы үшін жағдай жасау, әлеуметтік және реабилитациялық көмек көрсету, жастар үшін әлеуметтік мәні бар жобаларды өңдеп шығару және жүзеге асыру, жастардың инициативасын қолдау болып табылады. ЖҚБ. жас азаматтардың еркін дамуы үшін, олардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыру үшін жағдай жасауға; жастардың белсенділігінің, оның инновациондық потенциалының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылығының, патриоттық тәрбиесінің дамуына; жастар арасында мәдени-ағартушылық, дене тәрбиелік - сауықтыру жұмыстарын жүргізуге әсер етеді.  

«Мастер-Дэнс» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Дағаров Сағындық Жанайұлы

Ұялы телефоны: 87013384439, 87771686464

Е-mail:  Saga-master-d@mail.ru

Жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мүмкімдігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төменжастарға қолдау көрсету, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастарды патриоттыққа, адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін іс-шаралар ұйымдастыру. «Брейк-данс» жастардың жан-жақты азамат болуларына септігін тигізетін спорттың ерекше пайдалы түрі. Яғни, секіріп билеу, шалт, батыл да тез қимыл жасау арқылы жас балалар денелерін шынықтырып, шымыр болуларымен қатар сезімтал, сергек, жан-жақты, жігерлі болып, ширақтылық танытады.  

«Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры

Төрағасы: Орынбасаров Еркебулан Абатұлы

Ұялы телефоны: 87024897319

Е-mail: erkoshabat@mail.ru

Еліміздің студент жастарының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету. Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру. Студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру. Студент жастардың интеллектуалды әлеуеттерін жетілдіру.Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ұйымнның ҚСА ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуін жетілдіру.    

«Темір-Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігі

 

Төрағасы: Келбетова Эльмира Сайынқызы

Ұялы телефоны: 87027905465

Е-mail: elmira.kelbetova@mail.ru

ҚР мемлекеттік жастар саясатың жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасауға олардың рухани дүниесінің ой өрісінің  және күш жүгерінің артуына әлеуметтік статусының саяси және құқықтың мәдениетің жоғарлатуына атсалысу. Жастарға зерттеу жүргізуді үйрету, жұмысын ұйымдастыру жəне жоспарлау қабілетін арттыру, нəтижелерді бағалай отырып, ұсыну жəне қорғау.Ой-өрісін кеңейту жəне робототехника саласында білімін арттыр Аудан көшбасшылары

 

«Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Төленов Ерлан Сағынтайұлы

Мекен-жайы: БҚО, Ақжайық ауданы

Жұмыс тел./факс: 8 711 36 91445

Ұялы телефоны: 87769138093

Ақжайық өрендері" жастар қоғамдық бірлестігі 2004 жылы құрылды. Мақсаты - Ақжайық ауданы көлемінде жастар саясатын жүзеге асыруға ықпалдасу. "Ақжайық өрендері" жастар қоғамдық бірлестігі ауданымыз көлемінде жастарға арналған сан алуан мазмұндағы іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуде. Жұбан елінің жастары әлі талай асуларға жетері сөзсіз. Бірімізді біріміз, қолдасақ қана іріміз! Биіктерді бірге бағындырайық!  

«Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Имашева Айнаргүл Амангелдіқызы

Мекен-жайы: БҚО, Бөрлі ауданы

Жұмыс тел.: 8 711 33 30057

Ұялы телефоны: 87751301989, 87078481341

Е-mail: ayna-gul@mail.ru

Жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мүмкімдігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төменжастарға қолдау көрсету, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастарды патриоттыққа, адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін іс-шаралар ұйымдастыру.Жастардың ой-өрісінің және күш-жігерінің артуына,әлеуметтік статусының, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарылауына атсалысу.

«Тарлан»жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Кемелханов Ержан Қадыршаұлы

Мекен-жайы: БҚО, Бөрлі ауданы

Ұялы телефоны: 87054469656

Е-mail: kemel_erzhan@mail.ru

«Қазақстан - 2050» Стратегиясында қойылған мақсаттар мен міндеттерді белсенді түрде жүзеге асыруға өз замандастарымызды тарту. Жастардың бойында патриоттық сезімдерін арттыру.Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау.Ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылықты нығайту; Жастар мен студенттердің терең білімге, заманауи ғылымға және ұлттық тәрбиеге құштарлығын арттыру.Жастардың әлеуметтік-мәдени деңгейін көтеру жолында жұмыстар атқару. Елбасының бастамаларына қолдау көрсету.Жастардың мәселелерін шешу жағдайлары мен жолдарын қалыптастыруға бағытталған талаптарын, күш-қуатын, әлеуетін біріктіру болып табылады.  

«Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Ашенов Жалғас Рафхатұлы

Мекен-жайы: БҚО, Бөкей орда ауданы

Ұялы телефоны: 87055120549

Е-mail:  zhalgas_1990@mail.ru

Бөкей орда ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мүмкімдігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төменжастарға қолдау көрсету, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастарды патриоттыққа, адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін іс-шаралар ұйымдастыру.    

«Іс үшін-За дело» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Баянов Қуанышәлі Мұратбекұлы

Мекен-жайы: БҚО, Теректі ауданы

Жұмыс тел.: 87113221918

Ұялы телефоны: 87025169280

Бірлестіктің мақсаты –еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қоғамтанушылардың тәжірибесін біріктіру, қазақстандық жастардың белсенділігін арттыру болып табылады.Қоғамтанушыларды күш салуларын, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін әлеуметтік – экономикалық көкейкесті мәселелерді шешуге біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси ілгерілеуге ықпал ететін іс–шараларды өткізу;  

  «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Нұралиев Руслан Әлібекұлы

Мекен-жайы: БҚО, Жәнібек ауданы

Жұмыс тел.: 8 711 35 22006

Ұялы телефоны: 87055124421

Мемлекеттік жастар саясатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады. «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі 2004 жылы шілде айында құрылып, 2004 жылы 1 қазанда заңды тұлға ретінде тіркелді. Аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 2006 жылдан бастап ұтып алып жүр. Биыл, яғни 2016 жылғы мемлекеттік жастар саясатын жүргізу  шеңберінде «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігіне екі миллион он мың теңге бөлінген болатын.  Ағымдағы жылдың басында «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің 2016 жылға арналған жоспар жасақталып, бекітілді. Жыл басынан бекітілген жоспарға сай Жәнібек ауданынының жастары арасында ауыл жастарының әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, оның ішінде білім, денсаулық сақтауға қол жетімділігін, жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында іс - шаралар жүзеге асырылып келеді. Әр ауылдық округі әкімі аппаратындағы жастар ісі нұсқаушылары «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.

«Казталов жастар Кеңесі» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Нурекешов Райымбек Өтепбергенұлы

Мекен-жайы: БҚО, Казталов ауданы

Жұмыс  тел.: 8 711 44 32139

Ұялы телефоны:  87056382898

Е-mail: kaztalov.zhkb@mail.ru

Кеңестің негізгі міндеті – аудандағы жастардың мүддесін және құқығын қоғау болып табылады.Кеңестің алдына негізгі қойған мақсаты ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасауға, олардың рухани дүниесінің, ой-өрісінің және күш-жігерінің артуына, әлеуметтік статусының, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарлануына атсалысады.Казталов ауданы аумағында ҚР жастар саясатын жүзеге асыру.Жастарды Қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдісін тереңдетуге, қоғамдық саяси тұрақтылық келісімді сақтауға жұмылдыру.Жастардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқытарын қорғау.Талантты жастарға және жастар бастамаларына қолдау көрсету.Жастар арасында патриоттық сезімді, ҚР мемлекеттік елтаңбасына, тілдеріне, салт-дәстүрлеріне және мәдени мұраларына құрметті қалыптастыру.Жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру.Жастар мәселелеріне арналған конференциялар, «дөнгелек үстелдер», симпозиумдар және дәрістер өткізу.Спорттық және туристік шаралар өткізу:

«Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Амангелдиев Мерей Сағызбайұлы

Мекен-жайы: БҚО, Қаратөбе ауданы

Жұмыс  телефоны: 8711453164

Ұялы телефоны:  87760108282

Қаратөбе ауданы аумағында Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру.Жастарды қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдісін тереңдетуге, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келсімді сақтауға жұмылдыру.Жастардың саяси, экономикалық,әлеуметтік және басқалай құқықтарын қорғау.Талантты жастарға және жастар бастамаларын қолдау көрсету. Жастар арасында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаларына, тілдеріне, салт-дәстүрлеріне және мәдени мұраларына құрметті қалыптастыру.Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.  

«Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Қайыров Мәди Тлепбергенұлы

Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы

Жұмыс телефоны: 871134 21120, 22922

Ұялы телефоны: 87771945853

Е-mail: mrcsyrym@mail.ru

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және күш-жігерінің артуына, әлеуметтік статусының, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарылауына атсалысу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін. Талантты жастарға және жастар бастамаларына қолдау көрсету, жастар арасында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмідеріне, тілдеріне, салт-дәстүрлеріне және мәдени мұраларына құрметті қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Мулдашева Гүлзада Қуанқызы

Мекен-жайы: БҚО, Тасқала ауданы

Жұмыс телефоны: 8 711 39 21702

Ұялы телефоны: 87715817287

Е-mail: Gulzada92.30@mail.ru

Бірлестіктің алдына қойған негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және күш-жігерінің артуына, әлеуметтік статусының, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарылауына атсалысу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін. Талантты жастарға және жастар бастамаларына қолдау көрсету, жастар арасында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмідеріне, тілдеріне, салт-дәстүрлеріне және мәдени мұраларына құрметті қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.  

«Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Таганиязов Нұржан Миржанұлы

Мекен-жайы: БҚО, Жаңақала ауданы

Ұялы телефоны : 87022488842

Балалар мен жасөспірімдер арасында ұлтжандылықты, отаншылдықты қалыптастыру.Қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік жолдары мен көзқарастарын айқындауға ықпал ету.Елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.Азаматтық құқықтар мен міндеттерді орындауға қабілетті ерікті әрі жауапты тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған балалар мен жастардың әрекеттестік ортасын ұйымдастыру.Алға қойған мақсаттар мен жаңашыл ойларды іске асыру, балаларды дұрыс өмірлік таңдау жасауға, маңызды шешімдер қабылдай білуге үйрету.Балалар мен жасөспірімдер арасында бір-бірін құрметтеу, өзара түсінісу және көмектесу, ынтымақтастық пен достық қатынастарын нығайтуға жағдай жасау. «Шыңғырлау жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы: Хабдулов Эдик Ранилұлы Жұмыс  телефоны: 87113733475 Ұялы телефоны: 87788153140 Е-mail: edito.kz@mail.ru Шыңғырлау ауднынында Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру.Жастарды қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдісін тереңдетуге, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келсімді сақтауға жұмылдыру. Жастардың патриоттық және ҚР-ның болашағы үшін жауапкершілік сезімін, азаматтық парызын орындауға дайындық сезімін, ҚР-ның мемлекеттік рәміздеріне Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тілдеріне және дәстүрлеріне құрметті қатынасын қалыптастыру.Талантты жастарды шығару және қолдау.      

 

«Шыңғырлау жастары» жастар қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Хабдулов Эдик Ранилұлы

Жұмыс телефоны: 87113733475

Ұялы телефоны: 87788153140

Е-mail: edito.kz@mail.ru

Шыңғырлау ауднынында Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру.Жастарды қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдісін тереңдетуге, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келсімді сақтауға жұмылдыру. Жастардың патриоттық және ҚР-ның болашағы үшін жауапкершілік сезімін, азаматтық парызын орындауға дайындық сезімін, ҚР-ның мемлекеттік рәміздеріне Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тілдеріне және дәстүрлеріне құрметті қатынасын қалыптастыру.Талантты жастарды шығару және қолдау.