Размер шрифта
Цвет сайта
Изображения

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Басшы өмірбаяны

Сакошев Аян Қажимерұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары, Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша үздік бітірген. Қазақ гуминатарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникаллық университетінің Менеджмент мамандығы бойынша магистрі.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында, «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебінде оқығаны туралы сертификаттары бар.

А.Қ.Сакошев 2006-2010 жылдары «Қазақстан жастарының Конгрессі» заңды тұлғалар бірлестігінде бас сарапшы, сараптама және жобалар бөлімінің басшысы болып істеді.

2010-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты «Жас Отан» Жастар қанаты Атқарушы хатшылығының жастар жобалары бөлімінің сарапшысы, кеңесшісі, меңгерушісі қызметін атқарған.

2013 жылдың ақпанынан бастап «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты «Жас Отан» Жастар қанаты Хатшылығының басшысы.

Сакошев Аян Қажимерұлы жастар саясатын дамыту мәселелерімен, жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысқан, басқарушылық жұмыста іс-тәжірибесі бар.

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі басшысының 2016 жылғы табысы туралы ақпарат

А. Қ. Сакошевтың

 

Айлық табысы: 182, 388 теңге

Жылдық табысы:  468,998  теңге

Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлік: жалға алынған  тұрғын үй.

 

«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі басшысының 2017 жылғы табысы туралы ақпарат

А. Қ. Сакошевтың

 

Жылдық табысы:  2 870 079  теңге

Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлік: жалға алынған  тұрғын үй.